2026 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 57 Ұлы Отан соғысының (ҰОС) ардагері тұрады, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ҰОС Жеңісіне үлес қосқан өзге азаматтардың жалпы саны 32 852 адамды құрайды.
Олардың ішінде:
• қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 57 адам
• концлагерьлердегі кәмелетке толмаған тұтқындар – 110 адам
• ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 31 349 адам
• ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгердің жесірі – 1 адам
• ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың жұбайлары – 1 335 адам
Ардагерлер қай өңірлерде тұрады?
Алматы қаласы – 14 ардагер
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары – 6 ардагерден
Алматы, Қостанай және Павлодар облыстары – 4 ардагерден
Жамбыл және Түркістан облыстары – 3 ардагерден
Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Астана қаласы – 1 ардагерден.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz