RU
Толық нұсқаға өту

«Казцинк» зауытындағы жарылыс: құтқарушылар іздеу жұмысын жалғастырып жатыр

05.05.2026, 12:56 38

Өскеменде «Казцинк» металлургиялық кешені аумағында болған жарылыстан екі адам көз жұмды. Тағы бес адам зардап шегіп, олардың екеуі ауруханаға түсті. 

Бұл туралы зауыт өкілдері мәлімдеді. Айта кетсек, бүгін таңертең сағат 08:30-да шаң ұстау цехында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан болатын. Оқиға орнында 16 техника және ТЖД-нің 77 маманы жұмыс істеп жатыр. Өрт оқшауланды. Ал құтқарушылар әлі де қирандылар астында адам қалып қалмас үшін іздеу жұмысын жалғастырып жатыр. 

Рашид Біләлов, ШҚО ТЖД бастығы:

- Біздің құрам жеткен кезде цех ғимараты құлап қалған еді. Жалпы қиранды аумағы 120 шаршы метрді қамтиды. Ол жерде қазір 77 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Үйіндінің астын түгел қарап жатырмыз. Апат себебі әлі анықталып жатыр. Цех жеке тұрған ғимарат болғандықтан өрт өзге аймаққа тараған жоқ. Нақты цех ішінде үш адам, ал жалпы сол маңда 32 жұмысшы болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz