Елордада Панфилов дивизиясына қатысты 50-ден астам бірегей құжат көпшілік назарына ұсынылды.
Президент архивіндегі көрме 316-шы атқыштар дивизиясының 85 жылдығына орайластырылған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Панфилов дивизиясы ерекше есте қалды. Ұйымдастырушылар: «Батырлардың ерлігін жас ұрпаққа насихаттай беру маңызды», - дейді. Сол үшін кадеттерге архив қорларында сақталған сирек құжаттар, фотосуреттер мен тарихи материалдар таныстырылды. «Ұлы ерлік жолы» көрмесіне жауынгер Мұсабек Сеңгірбаевтың немересі Төлеген Мұсабеков келіп, естелігін бөлісті.
Төлеген Мұсабеков, Панфилов дивизиясының жауынгері М. Сеңгірбаевтың немересі:
- Батырдың ұрпағы болғаннан кейін бұл – үлкен жауапкершілік. 2010 жылы осы атамыздың шеп құрып, Москваны қорғаған жеріне бардық.
Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:
- Осы жыл ерекше, өйткені 1941 жылы, өздеріңіз білесіздер, белгілі Панфиловшылар дивизиясы құрылды. Осы датаға арнайы біз көрмені ұйымдастырдық. Көрменің ерекшелігі 50-ден астам құжаттар жинастырылған, осы дивизияның тарихына қатысты. Біздің архивімізде тың деректер сақталған.
Тегтер #елорда #Панфилов #тарихи құжаттар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz