Мұнайлы өңір келер қысқа дайындықты ерте қолға алды. Биыл Атырау қаласы бойынша 5,5 шақырым жылу құбыры ауыстырылуы тиіс.
Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 362 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Қазір құбыр жөндеушілер 4 ықшам аудандағы көп қабатты үйлерге жылу беретін жүйені жөндеуге кірісті. Былтыр қала бойынша жалпы ұзындығы 4,8 шақырым жылу жүйесі пластикалық құбырға алмастырылды. Нәтижесінде 5 ықшам аудандағы 6 көп қабатты үйдің жылу құрбырлары толықтай жаңартылды. Биылғы жоспар бойынша «Алмагүл» ықшам ауданы, «Балықшы» кенті және орталықта орналасқан 5 көшедегі жылу жүйесі толықтай жаңартылмақ. Құбыр ауыстыру жұмысы 20-шы мамырдан 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Елтай Қанатұлы, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
- Жалпы қала бойынша 1253 үйіміз бар. Оларды күтіп ұстау үшін 96 арнайы қызмет көрсететін ПИК яғни, КСК ОСИ тағы да басқа ТОО және ЖК жасап жатыр. Жылу маусымы толықтай аяқталған соң, аталған көп қабатты тұрғын үйлерде осы жылдың мамыр айының 20-нан бастап гидровликалық сынақтардан өткізу жоспарлануда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #мұнайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz