Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимаратын қайта қалыпқа келтіруге 90 млн теңге қаржы жұмсалады. Қазір жөндеу жұмыстарына дайындық басталып кеткен.
Естеріңізге сала кетсек 7-сәуір күні кешкілік облыс әкімдігінің шатырын жалын шарпыған болатын. Өрт сөндіруге 30 арнаулы техника мен 120 адам қатысып, бір сағатқа жуық арпалысты. Қазір төтенше жағдайдың шығу себептері анықталып жатыр. Электр желісінің қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам айтылды. Дегенмен өрт-техникалық және электротехникалық сараптамалар тағайындалған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Гүлбағда Көбеева, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар резерві есебінен қаржыландырылуда. Жөндеу жұмыстарын мамандандырылған компания жүзеге асырады, бұл қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде жеделдік пен сапаны бақылауды қамтамасыз етеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #әкімдік #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz