RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда соғыс ардагерінің құран-тұмары табылды

05.05.2026, 20:20 34

«Отан үшін от кешкен батырлар». Павлодардағы әдебиет және өнер музейінде осындай атаумен көрме өтіп жатыр.

Онда павлодарлықтар даңқты жерлестерінің жеке заттарымен таныса алады. Мәселен, майдангер жазушы, Германияның Ильменау қаласының коменданты болған Қалмұқан Исабайдың және Кеңес Одағының батыры Құдайберген Сұрағановтың әскери киімдері қойылған. Сондай-ақ соғыс ардагері Қайдар Жазкеновке тиесілі Құран кітабы көпшілік назарына ұсынылды. Сіріңке қорабына сыйып кететін бұл шағын кітапты майдангерге тұтқында бірге болған түрік жігіті сыйлаған екен. Ұрпақтарының айтуынша, жауынгер тұтқынға түскен кезде аман қалуын осы қасиетті кітаппен байланыстырған. Ұзындығы 3,5 см, ені 2,5 см болатын кітаптың мұқабасы металдан жасалып, ою-өрнекпен көмкерілген. Мойынға ілуге арналған ілмегі бар, ал қорапшасының бір жағына лупа орнатылған. Алғашқы бетінде Құран сүрелері жазылған. Құранның барлық аяттарын  сыйдырған тұмарды соғыс ардагері көзі тірісінде ұрпақтарына аманат етіпті.

Санат Сыздықов, Соғыс ардагері қ.жазкеновтың немересі інісі:

- Сол тұтқынға түскеннен кейін енді ату жазасына, бір үлкен жардың жанына апарады да тұтқындарды атады ғой, атқаннан кейін атам айтады мына шынашаққа тиген оқ, содан құлай кеттім дейді. Құлай кеткеннен кейін қалған кісілер үстіне жығылған ғой. Сосын немістің офицері келіп «контрольный» түгелін атқан. Сонда ана кісі аман қалған.

Ербол Қайыров, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы:

- Біз музейге табыстағанын құп көріп отырмыз. Өйткені бұл көпшілік көрген, Екінші дүниежүзілік соғыс қаншалықты болғанмен де біздің аталарымыз сонда қан төкті, жан берді. Солардың ерлік істерімен бүгінгі елді қорғайтын, халқын ойлайтын ұлы тұлғаларды дайындауымыз керек қой.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz