RU
Толық нұсқаға өту

Бизнеске қатысты қылмыстық істер азайды

05.05.2026, 21:40 33

Соңғы 3 жылда бизнеске қатысты қылмыстық істер саны 4 есе азайды. Осылайша, кәсіпкерлікті қылмыстық процеске заңсыз тарту жағдайларының мерзімінен бұрын жолы кесіліп жатыр.

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өткізілген кеңесте мәлімдеді. Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалығымен өткен отырысқа тағы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының басшылары, квази-мемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері қатысты. Үкімет басшысы инвесторлар құқығын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою, және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері туралы айтты. Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, бизнесті толғандыратын мәселелерді жедел шешуге кірісті. Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб та белсенді режимде жұмыс істеуде. Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы құны 25,5 млрд долларға тең 44 жоба қаралды. Бизнестен келіп түскен 213 өтініштің 40 пайызы толығымен қанағаттандырылды. Қалған жартысы бойынша кәсіпкерлерге құқықтық түсініктемелер берілді. Комитеттің мәліметінше, биыл 600 инвестордың құқы қорғалған. Әрбір өтініш, қайта бағыттаусыз қаралуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz