«Қазмырыш» зауытында болған жарылысқа қатысты жағдайды Премьер-министр Олжас Бектенов жеке бақылауына алды.
Үкіметтің кезекті отырысы алдында ол мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Атап айтсақ, Төтенше жағдайлар және Экология министрліктеріне облыстық әкімдікпен бірлесе отырып, қажетті шаралар қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді тапсырды. Еске салайық, Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» компаниясына қарасты металлургиялық зауытта өрт шықты. Өндіріс цехында, шаңнан тазарту құрылғысында жарылыс болған. Салдарынан өрт шығып, нысанның бір бөлігі опырылды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде оқшаулады. Оттың тұтану себептері анықталып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қазмырыш #Олжас БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz