Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда интеллектуалды бейнебақылау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Жаңашылдықтың басты мақсаты – стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарда қызмет алатын азаматтардың қауіпсіздігін күшейту. Осы бағытта ведомство «ProtectorAI» жүйесін енгізбек.
Бейнені талдауға арналған интеллектуалды жүйе әлеуметтік мекемелер аумағында қызмет алушыларға қатысты агрессивті мінез-құлықты, буллингті және өзге де қауіп-қатерлерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа үлгідегі бейнебақылау жүйелері ұйым аумағын, негізгі және қосалқы кіреберістерді, ортақ пайдаланылатын бөлмелер мен кабинеттерді, сондай-ақ қойма үй-жайларын міндетті түрде қамтитын болады.
Құжатта әлеуметтік мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Ережелерге сәйкес, жақын туыстарының ресми өтініші негізінде оларға бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау мүмкіндігі беріледі.
Тегтер #жасанды интеллект #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz