Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бұл қаржы Семей қаласындағы жылу беру нысандарын жаңғыртуға жұмсалады. Қазір шаһарда 340 мыңға жуық халық бар. Қаладағы сыртқы жылу желісінің жалпы ұзындығы 325 шақырым. Кейінгі жылдары 54 шақырымы ауыстырылып жөнделді. Соның арқасында тозу деңгейі 75-тен 58 пайызға төмендеді. Алайда әлі де 189 шақырымы тозып тұр. Былтыр қысқа дайындық барысында жөндеу жұмыстарына қаражаттың 70 пайызы Үкімет резервінен қамтамасыз етілген еді. Ал биыл бөлінген қаржыға жылу желілерінің ең маңызды учаскелері жаңартылады.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Үкімет тарапынан Абай облысының жылу желілері мен жылу көздерін күрделі жөндеуге тиісті қаражат бөлініп жатыр. Бұл алдымыздағы жылыту маусымына жақсы дайындалу мақсатында алдын ала тәуекелдерді алу, сосын күрделі жөндеуге қажетті учаскелерін қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу. 2,5 млрд қаражат бөлініп жатыр. Осы қаражаттың арқасында осы жылу желілері жөндеу жұмыстарынан өтіп, алдымыздағы жылы Семей қаласының тұрақты жылумен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Тегтер #Семей #жылу #нысан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz