RU
Толық нұсқаға өту

Келешек мектептерінде спорт секциялары көбейді

06.05.2026, 13:21 41

"Келешек мектептерінде" дзюдо клубтары ашыла бастады.

Бүгінде Астанадағы 10 білім ордасында арнайы зал іске қосылған. Сонымен қатар, Қарағанды және Атырау қалаларында да осындай спорт залдар ашылды. Жалпы алдағы уақытта  200-ден астам келешек мектебінде дзюдо клубтарын ашу жоспарланған. Жоба Қазақстан дзюдо федерациясымен бірге жүзеге асырылып жатыр.  «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының»  хабарлауынша спорттың басқа да түрлерін дамыту мақсатында бадминтон, волейбол және баскетбол федерацияларымен келіссөздер жүргізілуде. Бұл оқушылардың дене шынықтыруға қызығушылығын арттырып, бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін береді.

Дзюдодан жаттықтырушы:

- Мектеп осы 1 жыл бұрын өзі ашылды. Қыркүйектен бастап, ашылғаннан кейін біраздан соң дзюдо күресі секциясы пайда болды. Қазіргі таңда 4,5,7,9-сыныптар қатысып жатыр. 2 группа бар 20 баладан. Қазір дайындап жатырмыз. Тәжірибем көп балаға үйрететін. Жаймен-жаймен техника жағынан, функционал жағынан балаларды дайындап, Алла қаласа, жарыстардан шығаратын боламын.

Оқушы:

- Мен бұл спортқа 13 жасымда келдім, маған бұл дзюдо спорты өте қатты ұнайды. Маған өте қатты ұнайтын техника Вадза-ари болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz