Өскемендегі зауыттардың бірінде болған жарылысқа қатысты Ішкі істер министрлігі алдын ала екі болжамды айтты.
Бүгін Мәжілісте БАҚ өкілдеріне сұқбат берген вице-министрі Санжар Әділов оқыс оқиға технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін дейді. Ал екінші нұсқа ретінде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы деген болжам қарастырылып отыр. Қазір қылмыстық кодекстің 156-бабы бабының төртінші бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен бірге вице-министр 10-нан астам сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын айтты.
Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер вице-министрі:
- Әзірге 2 болжам бар. Жарылыстың алғашқы себебі техногендік процестің бұзылуы, екіншісі адами фактор, яғни еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы. Бүгінде оқиға орнында уәкілетті мемлекеттік органдар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен облыс әкімдігінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта көз жұмған 2 адамнан бөлек 2 жарақат алған азамат бар. Олар ауруханаға орналастырылды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Өскемен #жарылыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz