RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Елімізде мамыр айында ауқымды спорт жарыстары өтеді

06.05.2026, 15:31 44

Мамыр айы бойы Қазақстанның түрлі өңірлерінде қысқы, ұлттық және жазғы спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды «24KZ»

Алматы қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жастар арасындағы жазғы кубок өтеді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша көкпар, асық ату, жамбы ату, теңге ілу және қазақ күресінен ел чемпионаттары мен халықаралық турнирлер жоспарланған.

Жазғы спорт түрлері де кеңінен қамтылған. Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз және Өскемен қалаларында таеквондо, регби, садақ ату, көркем жүзу, спорттық құзға өрмелеу, жүзу, күрес түрлері және бадминтон бойынша жарыстар өтеді.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысында ауыл спорт мектептері командалары арасында футболдан ел чемпионаты, ал Тараз қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық біріншілік ұйымдастырылады.

Аталған жарыстар спортты дамытуға, жас спортшыларды қолдауға және еліміздің спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz