RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Грузияда тұтқындалған күдікті Қазақстанға жеткізілді

06.05.2026, 15:55 118

Пара берді деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды «24KZ».

Арнайы операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен жүргізген.

Тергеу барысында аталған адам жеке кәсіпкер болып, полиция қызметкеріне қылмыстық жауаптылықтан жалтару және оның массаж салонының одан әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай сыйақы бергені анықталды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

2026 жылғы наурызда ол Рустави қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды, -делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz