RU
Толық нұсқаға өту

Жануарларға жауапкершілікті көздейтін заң қабылданды

06.05.2026, 17:09 33

Енді бұралқы жануарларға қатысты шешімді әр аймақ жеке қабылдайды. Яғни Парламент бұл мәселені жергілікті мәслихаттардың құзыретіне берді. 

Мәжіліс депутаттары жануарлар туралы заңға қатысты Сенаттың енгізген өзгертулерін қабылдады. Осылайша, иесіз жүрген иттерді, ұсталған соң 5 күннен кейін өлтіру туралы норма құжатқа енгізілмейді. 

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көшеде шынжырмен байлаулы тұрған иттер көшеге шыққан соң топтасады, адамдарды қабады. Кішкентай балалар бірнеше шақырым мектепке жаяу баруға мәжбүр. Өлтіру деген енді заңға енгізгеннен кейін ату емес, басқа емес, дәрімен жаны қиналмайтындай өлтіру деп айтылады. Менің ойымша, бұл жерде екі жақ та ескерілді. Ең бастысы, біздің айтатынымыз адам құқығы бірінші орында. Кішкентай балалардың таланғанын көріп жүрегіміз ауырады, әсіресе елді мекендерде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz