Алматы халықаралық әуежайына Сеул, Цюрих бағытымен ұшып бара жатқан швейцариялық Swiss әуе компаниясының Airbus A350 ұшағы шұғыл түрде қонды.
Себебі екінші ұшқыштың денсаулығы кенеттен нашарлаған. Борт Балқаш көлінің маңайына жеткенде дабыл қаққан. Ұшақты Алматыға бұруға тура келді. Лайнер сағат 12:48-де әуежайға қонды. Дәрігерлер ұшқышта, абдоминальды синдром болуы мүмкін деп күдіктенген. Жерге қонған бойда оны әуежайдың медицина қызметкерлері қарсы алды. Олар ұшқышқа алғашқы көмек көрсетіп, артынша жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Одан әрі тексеру жүргізіп, ем тағайындау үшін науқас №4-ші қалалық ауруханаға жеткізілді. Дегенмен ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Бұл туралы қаланың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Тегтер #Алматы #халықаралық әуежай #ұшақ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz