RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында 210 шақырым жүгіріп өтті

06.05.2026, 22:48 33

Абай облысында әскери қызметші 210 шақырымдық ультра-марафонды сәтті аяқтады. 

Артиллериялық дивизионының барлау бастығы, аға лейтенант Еламан Оразбек бұл қашықтықты 34 сағат 47 минутта еңсерді. Желаяқты мәреге жеткен сәтте бөлім командирі, әріптестері мен туған туыстары құрметпен қарсы алды. Бұл ерекше жетістік 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналды. Еламан Оразбек бұл бастамасын тек спорттық жетістік емес, әскери қызметкердің кәсіби дайындығы мен қайсар рухының жарқын көрінісі деп біледі. «Мұндай игі іс, жас буынға үлгі болып, елге қызмет етудің мәнін терең ұғынуға жол ашады», - дейді.

Еламан Оразбеков, 30217 әскери бөлімінің артиллериялық дивизионының барлау бастығы:

- 210 шақырым ультра марафонды мен Павлодар облысы Жұмыскер ауылынан бастадым. 30217 әскери бөліміне дейін жүгіріп өттім. Жүгіру барысында менімен команда құрамдары болды. Медицина қызметкерлері болды. Отанқорғаушылар күніне 30217 әскери бөлімінің атынан 210 шақырым ультрамарафонды арнадым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz