Түркістан қаласында халықаралық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалануға уақытша шектеу енгізілді. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған, деп хабарлайды «24KZ»
15 мамыр күні Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді. Осыған орай қала аумағында 6–15 мамыр аралығында дрондарды ұшыруға толық тыйым салынды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, аталған кезеңде уәкілетті органдардың рұқсатынсыз дрон пайдалану қатаң түрде шектеледі. Шектеу саммит аяқталғанға дейін күшінде болады.
Сондай-ақ, заңсыз дрон ұшыру әкімшілік жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Ережені бұзғандарға айыппұл салынып, ұшқышсыз ұшу аппараттары тәркіленуі мүмкін.
Тегтер #дрон #Түркістан облысы #шектеу #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz