Қазақстанда 2026 жылы Жеңіс күніне орай ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және жарақат салдарынан мүгедектік алған азаматтарға біржолғы төлем жасау үшін 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жалпы төлем шамамен 32,9 мың адамды қамтыды, деп хабарлайды «24KZ».
Елдегі 57 Ұлы Отан соғысы ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден төленді.
Ардагерлерге көрсетілетін материалдық қолдау деңгейі бойынша Қазақстан көшбасшы елдердің бірі саналады. Елде белгіленген төлем көлемі көршілес мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Салыстырмалы түрде:
– Өзбекстанда бұл төлем шамамен 1,1 млн теңгені (30 млн сум) құрады;
– Беларусьте – 715–825 мың теңге (5 мың беларусь рублі);
– Ресейде федералдық деңгейде шамамен 61 мың теңге (10 мың рубль) төленеді, қосымша өңірлік үстемақылар қарастырылған. Мысалы, Мәскеу мен Мәскеу облысында бұл сома 430 мың теңгеге дейін жетеді (70 мың рубль).
Бұл мәлімет Қазақстанда ардагерлерге ерекше көңіл бөлінетінін және оларды әлеуметтік қорғау жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
Тегтер #төлем #ҰОС #Қазақстан #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz