RU
Толық нұсқаға өту

Семейде шағын футболдан Seitkhan Cup турнирі өтті

07.05.2026, 21:00 31

Семейде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир мәреге жетті.

Дәстүрлі бәсеке белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналды. Турнирдің салтанатты ашылуына Абай облысының басшылығы, спорт журналистикасының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Турнир 2022 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осыған дейін төрт рет Алматыда өткен жарыс биыл алғаш рет Амангелді Сейітханның туған жері Семейде жалауын көтерді. Ойындарды «Спартак» стадионы қабылдады. Додаға 6 облыс пен 4 қаладан 12 команда жиналды. Олардың қатарында республикалық телеарналар, өңірлік БАҚ өкілдері және медиа ұйымдардың командалары бар.

Кемелбек Ойшыбаев, “Хабар” Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы:

- Амангелді Сейітханның атын өшірмеуге тырысамыз. Оның комментатор болған кезде айтқан сөздері әл ел аузында. Әлі көп кітаптарға еніп айтылып жүреді. Жалпы осындай әріптесіміздің бізде жасаған қызметін еске алып, еңбегін елеп, жылда осындай турнирді ұйымдастырып тұрғанымыз журналист қауымға жақсы өнеге. 

Амангелді Сейітхан - қазақ спорт журналистикасының дамуына ерекше үлес қосқан тұлға. Еңбек жолын «Спорт» газетінде бастап, кейін қазақ телевизиясында спорттық журналистиканың жаңа мектебін қалыптастырды. 1998 жылы Франциядағы дүниежүзілік доп додасынан қазақ тілінде жүргізген алғашқы комментаторлардың бірі болды. Азия ойындары мен Олимпиададан хабар таратып, комментаторлықтың дамуына жол ашты. Бүгінгі турнирге оның ұлы мен әріптестері, спорт журналистикасының ардагерлері келді. 

Бекасыл Сейітхан А.Сейітханның ұлы:

- Екеуіміздің арасызда әке мен бала емес көбінесе ұстаз бен шәкірт ретіндегі қарым-қатынас болды. Себебі мен атамның қолынла өскен баламын. Одан бөлек менің әкем қазақтың заңдылығына ешқашан қарсы шыққан адам емес. Үлкеннің сөзін үлкеннің жолын ешқашан кеспеген. Журналистердің басқосуы тегіннен тегін жиын емес. Кім мықты, шын мықтыны анықтайтын жер емес. Меніңше, бұл нағыс достық пен әріптестердің басқосатын жері.

Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы:

- Өзінің туған жері ғой Аманжанның. Оның үстіне мынау Семейдің ең үлкен стадионында жарысын болып жатқаны үлкен оқиға. Енді оны Аманжанның рухы риза болып бір аунап жатқан шығар. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің басты мақсаты жеңімпазды анықтау емес, журналистер арасындағы ауызбіршілікті нығайту. Сондықтан бұл жарыс әріптестер арасындағы достық пен сыйластықты ығайтатын маңызды алаңға айналып отыр.

Әзиз Жұмаділ, Baq Liga - Qazaqstan Jurnalister Ligasy жетекшісі:

- Енді 12 команданы үш топқа бөлді. 4-4 тен. Ширек финалға солардың ішінен 8 команда өтті. Былай айтқанда осал командалар жоқ, өте мықты командалар. Бұл турнирдің ерекшелігі де сол. Бұл турнирде чемпион немесе спортшы тәрбиелеу емес. Журналистердің басын қосып тимбилдинг ұйымдастыру. Амангелді ағамызды еске ала отырып осындай үлкен дода ұйымдастырып жатырмыз. 

Турнир қорытындысы бойынша бас жүлдені Абай облысының командасы жеңіп алды. Екінші орынды Kazmedia командасы иеленсе, үздік үштікті Qareket құрамасы түйіндеді. Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов, Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz