Бүгін Ақмола облысының Родина ауылында Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Әскери-тарихи музейдің филиалы ашылды.
Жоба Қорғаныс министрлігінің қолдауымен және белгілі кәсіпкер Иван Сауэрдың бастамасымен жүзеге асырылды. Музей кешенін құруға мемлекет, қоғам және әскери қайраткерлер, оның ішінде Мұхтар Алтынбаев, Бақытжан Ертаев, Руслан Жақсылықов, сондай-ақ ардагерлер қоғамдастығының өкілдері сүбелі үлес қосты. Мұражай экспозициясы тарихи жадыны сақтауға, батырлық мұраны насихаттауға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Әрі Музей ісінің заманауи халықаралық тәжірибесі ескерілді. Ашылу салтанатына қорғаныс ведомствосының басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және Қарулы Күштер ардагерлері қатысты.
Арман Әсенов, ҚР Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы:
- Музейде 100-ден астам жәдігер бар. Барлығы да шынайы өмірде, қан майданда пайдаланылған қарулар мен құрал-жабдықтар. Көбі Ұлттық әскери-патриоттық орталығында іріктеліп, осында жеткізілді. Бүгінгі іс-шарамызға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам халық қаһарманы мен еңбек ері келді. Родина ауылында да "Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдер қозғалысы жұмыс істейді. Өскелең ұрпақ үшін осындай ауқымды жиындар үлкен тәрбиелік мәнге ие деп ойлаймын. Ең бастысы, сұрапыл соғыста жанын берген батырларымызға тағзым етеміз. Отан қорғаушылар күні құтты болсын.
Тегтер #Родина ауылы #әскери #музей #отан қорғаушы күні #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz