Хиуаз Қайырқызы - екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен танылған, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш-әйел.
Сұрапыл жылдары Марина Раскова басқарған 46-шы гвардиялық Таман әйелдер әуе-полкінің құрамында қызмет етті. Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларус, Польша және Германия жерін жаудан азат етуге қатысқан.
11 сынып оқушысы жыл сайын Хиуаз Қанатқызы Жеңіс күні қарсаңында Батыр апасына тағзым етуді парыз санайды. Мереке қарсаңында облыс мектептерінде «Ерлік сабағы» өтіп, даңқты жерлестерінің майдан жолын жас ұрпақ санасына жаңғырту дәстүрге айналған. Бүгінде бойжеткен Хиуаз өзін даңқты апасының заңды жалғасы санайды.
Хиуаз Қанатқызы, оқушы:
- 3-сыныптан бері Хиуаз апамызға келуді Ұлы Жеңіс күні сайын дәстүр қылдым. Хиуаз апамыздан кейінгі Атырау қаласында дүниеге келген екінші – мен. Хиуаз апамызды мәңгілік есте сақтау – ол бүгінгі біздің парызымыз.
Хиуаз Қайырқызы 1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүнииеге келген. Кейін Орал қаласындағы №1-ші орыс мектебінде білім алады. Мектеп қабырғасында Оралдағы аэроклубқа жазылып, 1940 жылы оны үздік бағамен бітірген. Алайда оқуын әрі қарай жалғастыруға соғыс басталып кетеді. Сөйтіп, ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған әуеполкіне қабылданады. Оның ерлігі Кеңес Одағының батыры атағына лайықты болғанмен, еленбей келді.
Тек 2004 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Сол кезден бастап Атырауда «Хиуазтану» шарасы басталды. Оны ұйымдастырған белгілі қаламгер Тұрсын Қалимова еді.
Тұрсын Қалимова, журналист, қоғам қайраткері:
- Атақты Марина Роскованың әуе полкына қабылданып, 300-ден астам әуе шабуылына қатысқан. 14 рет ұшақтан құлап жарақат алған. 2019 жылы 16 қыркүйекте Хиуаз Доспанова апамыздың композициялық ескерткіші бой көтерді. Яғни әуежайдың алдында. 2020 жылы 19 наурызда тоғыз жыл жарымнан кейін Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі берілді.
Сондай-ақ келер жылы Хиуаз Доспанованың жорық жолдарына арналған шығармалар жинағы жарыққа шықпақ.
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Қазақтың қанатты қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған шаралар әлі күнге жалғасып келеді. Бүгінде Құрманғазы ауданындағы Дашино ауылы Батыр атағымен аталады. Сондай-ақ облыс орталғындағы нөмірі 18-ші мектеп Бүгінде Хиуаз Доспанованың атын алып келе жатыр.
Хиуаз Қанатқызы, оқушы:
- Бола ма соғыс. Біздікі жеңіс. Бірақ соғыс болмасын деңіз.
Бізге абыз атамыз Әбу Сәрсенбаев осындай өсиет қалдырған. Ендеше елімізге тыныштық, халқымызға амандық тілейміз.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рамхетуллин
Тегтер #Таңдаулы #Хиуаз Доспанова #Атырау #құрметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz