Алматыда пневматикалық қару және пышақтар тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».
Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында пневматикалық және суық қаруды заңсыз сату дерегін анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері аудандық полиция бөлімшелері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 619 тыйым салынған зат тәркіленіп, барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тегтер #Алматы #заңсыз қару #полиция #24жаңалықтар #24KZ- Әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асатын заңсыз қару саудасы қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Мұндай құқық бұзушылықтардың әрқайсысы ауыр қылмыстардың жасалу қаупін арттырады. Алматы полициясы интернет кеңістігін тұрақты бақылауда ұстап, жедел әрекет етуде. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да күшейтіледі, — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz