Алматы облысының әкімдігі Есік көліндегі бөгетке қатысты «Habel» ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұған инвестордың нысанды қауіпсіз пайдалану және жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамауы себеп болған.
Есік көліндегі бөгет пен оған іргелес 140 гектардан астам аумақ 2024 жылдың соңында 49 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген. Жоба аясында инвестор гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, қауіпсіздік және мониторинг жүйелерін енгізу, тазарту жұмыстарын жүргізу және туристік инфрақұрылымды дамытуы тиіс болған.
Алайда тексеру барысында шарт талаптарының сақталмағаны анықталған. Атап айтқанда, жоспарланған 245 млн теңге инвестицияның алғашқы жылы небәрі 11,4 млн теңгесі ғана игерілген. Сондай-ақ жоспарланған жұмыс орындары ашылмаған және бөгетке жүргізілуі тиіс көпфакторлы зерттеу нәтижелері уақытында тапсырылмаған.
Әкімдік мәліметінше, инвесторға заңбұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенімен, міндеттемелер толық орындалмаған. Осыған байланысты шарт біржақты тәртіппен тоқтатылды.
Қазіргі уақытта нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тегтер #Есік көлі #Алматы облысы #24жаңалықтар #24KZ #бөгетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz