RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында топ жарды

08.05.2026, 15:47 70

Грекияда өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ». 

Қазақстан құрамасы 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды. Қоржында -  1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль.

Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Мұрат Тимур алтын медаль иегері атанды.

Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Алиасқар Сұлтанәлі күміс медаль иеленді.

Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Орынбасар Бердібек, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Батырхан Бейганов, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы Али Еркебұланұлы, Қызылорда облыстық №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арнұр Ансатов қола медаль еншіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz