23 наурыз күні Шахтинск қаласында өртенген үйден адамдарды алып шыққан 5 полиция қызметкеріне Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі табысталды.
Көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарыпып, арты алапат өртке ұласқан еді. Оқиға орнына алғаш болып жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған полицейлердің өзін күйік шалған болатын. Олар қазір қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Бүгінгі күннің батырларына марапатты табыстау үшін Ішкі істер министрлігінің өкілдері арнайы барды. Олар Мемлекет басшысы мен министрлік атынан алғыс айтып, ерліктің бағаланғанын атап өтті.
Нұргелді Құлжабеков, Патрульдік полиция взводының инспекторы:
- Бұл мен үшін өте үлкен құрмет! Меніңше Қазақстан Республикасының әрбір полиция қызметкері осындай әрекетке ойланбастан барады деп ойлаймын. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі біз үшін басты міндет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қарағанды облысы #полицейлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz