Маңғыстау облысындағы Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері Ольга Заривнякқа Жеңіс күні мерекесіне орай 5 миллион теңге берілді.
Майдангер 1927 жылдың 14 шілдесінде Беларуссияның Клещели қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда 13 жастағы Ольгаға Брест облысындағы фашистер басып алған аумақта өмір сүруге тура келген. Қайсар қыз партизандарға байланысшы болып, жау әскерлерінің орналасуы, саны мен шоғырланған жерлері туралы маңызды мәліметтер жинауға ат салысты. Осындай ерлігі үшін ол көптеген медаль, ордендерге ие болған. Майдангер 2015 жылдан бер Ақтау қаласында тұрады. Биыл соғыс ардагері 99 жасқа толды.
Гүлнар Хайрлиева, Ақтау қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
- Соғыс мүгедектеріне теңестірілген шамамен 50 адамға 250 мың теңгеден берілді. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген шамамен 500 адам 216 мың теңгеден алды. Ал тыл еңбеккерлері саналатын 200 адамға 173 мың теңгеден төленді. Бұл – ардагерлерімізге деген алғысымыздың белгісі. Сондай-ақ өскелең ұрпақ олардың елдің қалыптасуына қосқан үлесін біліп, көріп, әрдайым есте сақтасын деген мақсат бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтау #ардагерлер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz