RU
Толық нұсқаға өту

«Бәйтерек» холдингі инвестиция тарту бағытындағы жұмысты күшейтті

08.05.2026, 21:00 56

«Бәйтерек» холдингі инвестиция тарту бағытындағы жұмысты күшейтті.

Қазіргі таңда экономиканы қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін екінші деңгейлі банктермен бірлескен шара қарқын алып отыр. Бұл туралы бүгін басқарма басшысы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте хабарлады. 

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі өткен жылды табысты аяқтады. Барлық бағыт бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 10,4 трлн теңгеге жеткен. 77 ірі жоба, шағын және орта бизнестің 27,4 мың  және 131 экспорттаушылардың жобалары қаржылай қолдау тапты. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 7,2 мың фермерге жағдай жасалды. 11,4 мың ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.

Рустам Қарагойшин, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы:

- Негізгі басымдық кәсіпкерлер үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, бизнесті ашу мен дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға беріліп отыр. Шағын және орта бизнесті дамыту - маңызды басымдықтардың бірі. Себебі бұл сектор экономикалық белсенділікті арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірлер экономикасын дамытуға ықпал етеді.

Холдингтің екінші деңгейлі банктерді қолдау көлемі 3,1 трлн теңгеден 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жинақталған тікелей қолдау несие портфелі 7,7 трлн теңгеге жетіпті.

Рустам Қарагойшин, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы:

- Негізгі басымдық кәсіпкерлер үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, бизнесті ашу мен дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға беріліп отыр.

Бұдан бөлек, өткен жылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 596 млрд теңге көлемінде салық түсімдері қамтамасыз етілді.

Авторлары: Кәмшат Мұхамеджан, Жандос Битабаров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz