Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті растайтын кейбір анықтамаларды дәрігерлер бұрмалауы мүмкін деп күдіктенеді.
Соңғы 1 жыл ішінде 150-ден астам құжаттың шындыққа жанаспайтыны анықталған. Былтыр Түркістан облысында осындай 20-ға жуық жағдай әшкере болды. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті Түркістан облыстық департаментінің бөлім басшысы Ләззат Бермұхамедова айтты. Еске сала кетсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 751 мың азамат тіркелген.
Ләззат Бермұхамедова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің Түркістан облыстық департаментінің бөлім басшысы:
- Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты уәкілетті органдарға бақылау бойынша қайта куәландыруды өткізеді. Және де тиісті бақылау іс-шаралары жүргізілетін болады. Бұл жұмыс үнемі үздіксіз жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған фактілер бойынша барлық материал тиісті құқық қорғау органдарына жолданған болатын. Бұзушылықтар расталған жағдайда кінәлі адамдар жауапқа тартылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #еңбек #Түркістан #әлеуметтік қорғауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz