Жамбыл облысында кене шаққан ер адам Конго-Қырым қызбасынан көз жұмды. Қайғылы жағдай Шу ауданында болған.
Дәрігерлердің мәліметінше малшыны зиянкес шаққан соң медициналық көмек алмай, ауруы асқынған. Соның салдарынан ақ халаттылар оны аман алып қала алмады.
Нелли Мүлікова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Кене шаққан жағдайда бірден аурухаға барып ауруға қарсы екпе алу қажет. Ауру асқынып кетсе кеш болады. Қазір халықты қауіпті індеттен қорғау үшін көктемгі зерделеу жұмыстары басталды. Аурудың табиғи ошақтары саналатын жерлерден 2700-ден астам кене жиналып, зетханаға жіберілді. Нәтижесінде 151 кенеден қауіпті безгектің жұқтырғышы анықтылып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жамбыл облысы #кенеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz