Павлодарлық соғыс ардагері Николай Ступка қос мерекені қарсы алуда. Жеңіс күні қарсаңында 99 жасқа толған қарт майдангер тағдырдың талай сынағынан өткен.
Небәрі 17 жасында соғысқа шақырылды. Алдымен әскери дайындықтан өткен бозбала батыс майданына аттанған. 1945 жылы Еуропадағы соғыс аяқталған соң, оның дивизиясы Қиыр Шығысқа ауыстырылып, жапондық Квантун армиясына қарсы ұрысқа қатысады. Соғыстан кейін әскери міндетін жалғастырып, Қытайдағы штаб жанындағы барлау батальонында қызмет етеді. Осылайша, ардагер үшін соғыс пен Отан алдындағы қызмет 1950 жылы ғана аяқталды. Ғасырға қадам басқан Николай Ступка сергектігін жоғалтпаған. Келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін бағалауды өсиет етті.
Николай Ступка, соғыс ардагері:
- Мен 76 миллиметрлік зеңбіректің оқтаушысы болдым. Біздің құрамда оқтаушы, көздеуші және зеңбірек командирі болды. Мен, офицер - лейтенант едім. Біз жауға қарсы оқ жаудырып отырдық. Жанымызда танкистер дивизионы болды, олар бізге көмектесетін. Егер бізге шабуыл жасалса, танктер ұрысқа кіретін. Ауыр шайқастар бір айға созылып, көптеген жауынгер қаза тапты. Мен ұрпақтарымның бейбіт өмір сүргенін қалаймын. Ол үшін ешқашан кикілжіңдерге жол берілмеуі қажет деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #соғыс ардагері #николай ступка #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz