RU
Толық нұсқаға өту

Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

09.05.2026, 13:14 30

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан. Талғат Бигелдинов қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен. Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz