Астанада жалғыз қалған соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді.
Игі шара «Ардагерлерге тағзым» республикалық акциясы аясында өтті. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев майдангерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат, естелік сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, сарбаздар соғыс ардагеріне арнайы парад ұйымдастырды. Құттықтауларды жылы қабылдаған ардагер көрсетілген құрмет пен ықылас үшін шынайы ризашылығын білдірді. Рзағұл Байкешев әскери қызметшілерге батасын беріп, қызметтеріне табыс және елдің өркендеуін тіледі.
Рзагұл Байкешев, Ұлы Отан соғысының ардагері
Біржан Әзмұхаметов, подполковник, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының аға офицері
Тегтер #Жеңіс күні #Ардагерлерге тағзым #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz