RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Pixabay

Түркістанда 12 метрлік құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды

09.05.2026, 14:21 36

Түркістан қаласында жергілікті тұрғын тереңдігі 12 метр болатын су толы құдыққа құлап кеткен. Құтқарушылар зардап шегушіні аман-есен алып шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні Юсупов көшесіндегі жер үйлердің бірінің ауласында болған. 1976 жылы туған әйел адам белгісіз жағдайда терең құдыққа құлап кеткен.

«Шақырту орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын жүргізді. Зардап шегуші 12 метрлік тереңдіктен шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», — деп хабарлады мекеме өкілдері. 

Тереңдігі төрт қабатты үйдің биіктігіне тең келетін құдықтан адамды шығару үшін арнайы жабдықтар қолданылды. Қазіргі уақытта зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz