RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында Жеңіс күніне арналған тағылымды іс-шаралар өтті

09.05.2026, 19:51 38

Семей тұрғындары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сонымен қатар рухты әндер шырқалған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Абай облысында бір соғыс ардагері мен мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Жеңіс мерекесіне орай оларға біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл мақсатқа 189 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Мереке күні ел тұрғындары майданда ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіп, олардың есімін ұлықтады.

Мәрия Сұлтанаева, тыл ардагері:

- Бар азаматтардан айырылдық. Кеткендері кетті, келгендері келді дәмі тартып. Адам баласы бәріне де көнеді екен. Жақсысын да жаманын да көрдік. Бәріне шыдадық. Енді міне, бала шағаның арқасында Құдайға шүкір қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманда бейбіт өмірде отырмыз. Мереке құтты болсын! Аман-есен босын! Бізден кейінгі ұрпақтарымыз біз секілді бейнет көрмесін. Жақсы заманда өссін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz