RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетауда көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

10.05.2026, 13:20 34

Тағы бір қайғылы оқиға Көкшетауда тіркелді. Онда жантүршігерлік жол апатынан бір әйел қаза тапты. Оқиға тұрғын үйдің ауласында кіреберісте болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көлік тұрақ аумағына бұрылған сәтте жол бойымен келе жатқан әйелді қағып, үстінен басып өткен. Марқұм көліктің астында қалған. Мұны көрген куәгерлер жүгіріп келіп, бірден көмек шақыра жөнелді. Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұрлыжан Ақтанов, қалалық Полиция бөлімінің басқарма бастығы:

- Қазір құқық қорғау органдары апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz