RU
Толық нұсқаға өту

Ұрпақ тәрбиесінде ананың рөлі айрықша

10.05.2026, 13:40 29

Елде ерлерге қарағанда әйелдер бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сәйкес, отбасында аналардың 44,5 пайызы уақытын баланың жанында өткізеді.

Яғни сәбидің күтімі, сондай-ақ оның тұлға ретінде қалыптасуында әйелдер қауымының рөлі айрықша. Алайда кейінгі жылдары ана болуға асықпайтын арулардың қатары артып келе жатқаны байқалады. Бұрымдылар көбіне мұны кәсіби мүмкіндіктерден шет қалу деп санайды. Осыған байланысты мамандар репродуктивті денсаулық мәселелеріне назар аудару керек деп есептейді. 

Арнайы сауалнамаға қатысқандардың 57,5%-ының ғана саладағы мемлекеттік саясатқа көңілі толады. Осы ретте кейінгі жылдары Қазақстанда ана мен баланы қолдау заңнамалық және институционалдық тұрғыда нығайтылды. Әлеуметтік кодекс отбасыларға арналған қолдау шараларын жүйелендіріп, ана, әке және баланы қорғау күшейтілді, сондай-ақ бала күтімі бойынша берілетін төлемдердің мерзімі 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Ал көпбалалы аналарға және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жанұяларға жәрдемақылар қарастырылған.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың үлесі

Әйел - 44,5%

Ер - 25,6 %

Елде туу коэффиценті төмендеді

1 000 адамға шаққанда: 2020 ж  - 22,75

                                         2025 ж -  16,43

Саладағы мемлекеттік саясат

Сауалнамаға қатысқандардың 57,5%  тиімді деп есептейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz