RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

ҚР ІІМ ескертеді: Тарихи нысандарды бүлдіргендерге жаза қатаң

11.05.2026, 10:55 47

Әлеуметтік желілерде «хайп» жасау мақсатында тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп барады, деп хабарлайды «24KZ»

Еліміздегі мәдени және табиғи мұраларға нұқсан келтіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР ІІМ ескертеді.

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар — Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz