RU
Толық нұсқаға өту
Видеодан алынған кадрлар

Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім табылды 

11.05.2026, 11:31 42

Елордада 9 мамыр күні жоғалып кеткен бала аман-есен табылды, деп хабарлайды «24KZ». 

Ата-анасының айтуынша, жасөспірім бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Кейін анықталғандай, ол ата-анасымен болған түсініспеушіліктерге байланысты өз еркімен үйден кетіп қалған.

Іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды, сондай-ақ еріктілер де қосылды.
Іздестіру барысында кәмелетке толмаған баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжол бойымен жаяу жүргені анықталды.

Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен жол бойындағы жүргізушілерден жауап алып, оның әрі қарай жүрген бағытын анықтады.
Полицейлер жасөспірімді қала сыртындағы тасжол бойынан тапты.

Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz