Алматы облысының Іле ауданында 33 мың оқушы үш ауысыммен білім алып жүр. Алматыға жақын орналасқан аудандағы халық саны 300 мыңға жуықтады.
Қаладан қатынап оқитын балалар да бар. Сондықтан, мектеп тапшылығы сезіледі. Жалпы, өңірдегі үш ауысымды мектептерді жою мақсатында төрт жылда 69 мектеп саллынып, пайдалануға берілді.
Ауданда 43 мемлекеттік білім беру мекемесі бар. Соның жартысына жуығы үш ауысыммен жұмыс істейді. Мәселен, белгілі дирижер, КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің кіндік қаны тамған Шілкемер ауылындағы 600 орындық ескі мектепте 1809 оқушы қысылып-қымтырылып білім алып жүр. Мектеп басшылығы дене шынықтыру пәнінде киім ауыстыруға арналған бөлмелерді де оқу кабинетіне айналдыру туралы шешім қабылдаған.
Аида Баймұрат, оқушы:
- Денешынықтыру сабағында киінетін бөлмелерде қазір орыс тілі, ағылшын пәндері өтіп жатыр. Өйткені біздің №26 орта мектепте 1900 оқушы болғандықтан, бізде кабинеттер жеткіліксіз. Келешекте жаңа мектепке барып, ол жерде үлкен, жайлы мектепте оқимыз деп сенемін.
Заңғар Мұрат, оқушы:
- Жаңа мектеп салғаны өте жақсы болды. Әзірше біз жаңа мектептә көрген жоқпыз. Бірақ келешекте жақсы мектеп болатынына сенімдіміз.
Жалпы Іле ауданы бойынша 33 мың оқушы үш ауысымды мектептерде оқиды. Нұрғиса Тілендиев ауылында 900 орындық «Келешек мектебінің» құрылысы жүріп жатыр. Аталған білім ошағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.
Гүлжан Қалқабаева, мектеп директоры:
- Қазіргі таңда балаларымыз үш ауысымда білім алып жатыр. Енді ауылымыздың жаңа құрылысында келешек мектебі салынды. Келешек мектебімізге осы мектептен 1100 бала баруы жоспарлануда. Ата-аналардың өздерінен өтініштері алынды. Сол бойынша оқушылар енді жаңа оқу жылында сол жақта оқиды деп жоспарлап отырмыз.
Қаламқас Сәрсембаева, Іле аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Биылдан бастап 5 мектеп құрылысының жобалық-сметалық жұмыстары жүргізілуде. Ол дегеніміз 9 мектептің үш ауысымдылығын жою жоспарланып отыр. Өтеген батыр ауылында, Асқар Тоқпанов ауылында, Ақсай ауылында, Жайнақ ауылында және Байсерке ауылында.
Облыста соңғы төрт жылда 69 жаңа мектеп салынды. Соның 21-і «Келешек мектебі». Жаңа білім ошақтарының пайдалануға берілуі арқылы үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 26 бірлікке дейін азайды.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аманжол Жөңкешов, Аят Дүйсенбай
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мектеп #білім #оқушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz