RU
Толық нұсқаға өту
Фото:AlmatyJoly

Алматыда бір тәулікте жарты айлық жауын-шашын мөлшері түсті

12.05.2026, 10:27 46

Алматыда 10 мамыр сағат 11:00 мен 11 мамыр сағат 20:00 аралығында 50,4 мм жауын-шашын тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл — мамыр айындағы орташа айлық норманың (99 мм) 51 пайызы.

Осыған байланысты коммуналдық қызметтер су басудың алдын алу және салдарын жою жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізді. Қалада Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тәулік бойы кезекшілік етті. 

Жалпы, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ жедел әрекет ету үшін 2 300 құм қап дайындалды.

Синоптиктердің болжамынша, 12 мамырда Алматының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал 13 мамырдан бастап жауын-шашын тоқтап, күн ала бұлтты болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz