Елімізде биылдан бастап тұқым құнын субсидиялаудың жаңа механизмі енгізілді.
Енді өнімді сатып алған кезде қаржылай қолдау көлемі 10%-ға жоғары болмақ. Бюджет шығысын азайту және мемлекеттік қолдау шараларын қысқартуға бағытталған бастаманың барысы бүгінгі үкімет отырысында айтылды. Жиында көктемгі егіс жұмыстарының жүзеге асырылуы мен дала дихандарының дайындығы пысықталды. Жауапты науқанға қай өңір тастүйін әзірленген. Шаруалардың қарқыны қай деңгейде.
Алдағы жазда шаруаларға су тапшылығы қатты сезіледі болады деп болжанып отыр. Министрлік биылғы вегетациялық кезеңдегі ылғал тапшылығы мен температуралық тәуекелдерді атады. Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде топырақ ылғалдылығы бойынша жағдай жалпы қолайлы көрінеді. Алайда елдің жекелеген аудандарында қуаңшылық болуы мүмкін деген ақпар айтылды. Орталық және оңтүстік-батыс өңірлерінде жауын-шашын аз болуы мүмкін. Бұл Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігі, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстары. Бұл дегеніміз ендігі жерде шаруаларға бұрыңғыдай көл-көсір тіршілік нәрін тұтыну берілмейді. Үкімет басшысының өзі бұл мәселеге ерекше мән беріп отыр. Әр облыс үшін бекітілген лимит қатаң сақталады.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Суды көп қажет ететін дақылдар алқабы қысқарған. Ел бойынша күріш алқабы 20,2 мың гектарға ал, мақта алқабы 162,4 мың гектарға азайтылыпты. Оның ішінде тамшылатып суару 29,8 мың гектарға көбейген. Дақылдар алқабының қысқаруы күздегі күріш пен нан бағасының өсуіне әсер етпейді деп сендірді ауыл шаруашылығы вице-президенті. Азат Сұлтановтың ақпарынша, бүгінде егіс жұмыстары барлық өңірде басталып кетті. Жалпы 4,5 млн гектар алқапқа егіс егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 2 млн гектарға жуықтапты.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Көктемгі егіс жұмыстарын шаруалар кедергісіз өткеру үшін үкімет тарарынан қолдау шаралары тиісті деңгейде көрсетілмек. Республика бойынша 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініпті. Бүгінгі таңда оның 204,8 мың тоннасы жөнелтілген. Жиында бұл бағытты қаржыландыру көлемі 5 есеге өскені де айтылды. Егін егу және жинау жұмыстарына кемінде 750 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Қаражатын қамдап, техникасын майлап, құралдарын сайлап іске кіріскен диқандарға тағы бір жаңалық енді тұқым құнын субсидиялаудың жаңа механизмі енгізілді. Енді отандық тұқымды сатып алған кезде субсидия көлемі 10%-ға жоғары болады.
Тегтер #тұқым #субсидия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz