RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда тұрғын үй мәмілелері 23,4%-ға өсті

12.05.2026, 15:02 45

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл наурыз айымен салыстырғанда 23,4%-ға көп.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 498), Астана (6 193) және Қарағанды облысы (2 841) көш бастап тұр. Ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді — 324 мәміле.

Сәуір айында мәмілелер саны Атырау облысынан басқа барлық өңірде өскен. Ең жоғары өсім Ұлытау облысы (+55,8%), Қызылорда облысы (+49,4%) және Абай облысында (+45,7%) байқалды.

Пәтерлер бойынша 27 331 мәміле жасалып, жалпы көрсеткіштің 77,7%-ын құрады. Екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары болды — 10 204 мәміле.

Сонымен қатар жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 31,5%-ға өсіп, 7 823-ке жетті. Алайда 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда тұрғын үй мәмілелерінің жалпы саны 4,6%-ға төмендеген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz