RU
Толық нұсқаға өту

Жылдамдыққа қатысты жалған ақпарат тарады

12.05.2026, 16:29 32

Енді белгіленген жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырған жүргізушілерге айыппұл салынады. 

Иә, дәл осы мәлімет әлеуметтік желіде тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Алайда Ішкі істер министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қолданыстағы әкімшілік жауапкершіліктің тәртібі өзгерген жоқ. Ал осыған қатысты жалған ақпар таратқан тұлға анықталып, жауапқа тартылды. Министрлік тұрғындарды тек ресми дереккөзге сүйенуге шақырады.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жүргізушілердің құқықтарына нұқсан келмейтіндей құқық бұзушылықты іске асыру кезіндегі әрекеттің барлығы зерделенуі керек. Сол үшін қазір Бас прокуратурамен бірлескен пилоттық жобаға қол қойылды. Ол іске асырылғаннан кейін ғана баллдық жүйенің жұмысын тексергеннен кейін барып, барлық мемлекеттік органмен келісім жүргізіледі. Содан кейін ашық талқылауға түседі. Содан кейін барып айтуға болады. Ал қазіргі таңда алып-қашпа әңгімелерге ерудің қажеті жоқ.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz