Жолаушылар қоғамдық көлікті 16-17 мамырдан бастап пайдалана алады. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясының басшысы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.
ЛРТ желісі әуежайдан Нұрлы жол вокзалына дейінгі аралықты жүріп өтеді. Бағыт бойында 18 станция бар. Олар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Ал жолақысы 200 теңге деп белгіленді. Банк карталары арқылы немесе арнайы көлік картасымен төлеуге болады.
Асылбек Дүйсебаев, «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы:
- Барлығы – 19 құрам. 15-і күнде қатынайды. Төртеуі резервте болады. Ең жоғары жылдамдығы сағытана 80 шақырым. Орташа 50-60. Әр құрам 600-ден аса жолаушыны тасымалдайды. Толық маршрутты 40 минутта жүріп өтеді. Қозғалыс интервалы 5-6 минут.
Тегтер #LRT #қоғамдық көлік #жолаушылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz