Бүгін «Меценат» әдеби сыйлығының иегері анықталды. Осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған байқауда бұл жолы жетісулық жазушы, журналист Есболат Айдабосын топ жарды.
Қаламгердің «Бүкір» романы оқырмандардың жүрегіне жол тауып, халықтың ерекше ықыласына ие болды. Толымды еңбегі үшін енді жеңімпаз ай сайын өмір бойы 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып отырады. Бұған дейін аталмыш сыйлықты Шархан Қазығұл, Тұрысбек Сәукетаев, Сәуле Досжан және Әлихан Жақсылық сынды еліміздің белді жазушылары иеленген. Айта кеткен жөн, жоба отандық көркем әдебиетті дамытып, жазушылардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетуді көздейді. Тиісінше, қаламгерлер арасында жүзден жүйрікті анықтауда қазылар алқасының бағасынан бөлек, оқылым саны мен оқырман пікірі де ескеріледі.
Есболат Айдабосын, жазушы:
- Бұл шығарманың беретін мотивациясы – қоршаған орта сені қанша жерден сыртқа тепкенменен, сенің ішкі діңгегің мықты болса, сен кез келген қиындықты жеңіп шығасың. Байқау қаламгерлерді ынталандырады. Сонымен бірге атап өтетінім, «Меценат» байқауының бір ерекшелігі, шығармалардың оқылуына жол ашады және автордың насихатына жол ашады.
Тегтер #байқау #әдеби сыйлық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz