RU
Толық нұсқаға өту

Әскерилер арасында дзюдо сабағы болады

12.05.2026, 17:05 41

Енді еліміздің Қарулы күштері жүйесінде дзюдо кешенді түрде дамытылады. 

Яғни жоғары әскери оқу орындары мен колледждердің бағдарламаларына дзюдо элементтері кезең-кезеңімен енгізіліп, бұл спорт түрі әскери қызметшілердің дене шынықтыру сабақтарына қосылады. Тиісті келісімге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер қол қойды. Тағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Халықаралық дзюдо федерациясы мен «Жеңіс» клубының қолдауымен оқу орындары татами, спорттық жабдықтар және кимоно киімдерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар курсанттар арасында дзюдо лигаларын құру көзделген. Бұл спорттық шеберлікті арттырып, бәсекелестікті дамытып, дзюдоны кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. 

Арман Әбеуов, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы, спорт комитетінің төрағасы:

- Қорғаныс министрлігінің ЖОО және де колледждерде осы жылдан бастап жаңа инфрақұрылым, татами, ткимоно және де дзюдо жүйесін жаңа дамыту жолын енгізеді. Ол – курсанттар мен кадеттерге жақсы мүмкіндік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz