RU
Толық нұсқаға өту

Жемқорлар тізімі жарияланады

12.05.2026, 18:26 38

Жемқорлар жалпыға жария болады. Олардың аты-жөні, туған жылы мен қылмыстық бабы және сотқа дейінгі тергеу жүргізген орган көрсетіледі. 

Коррупцияға қатысты жеке тұлғалардан бөлек заңды тұлғалар да қоғам назарынан тыс қалмайды. Компания атауы мен бизнес сәйкестендіру нөмірі әшкереленеді. Арнайы тізім экономикалық тергеу қызметінің ресми сайтында 18 мамырдан бастап ресми түрде жарияланады. Бұйрыққа қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов қол қойды. Бұл «құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы заң аясында іске асады. Қара тізімге негізінен үш топты енгізу көзделген. Жеке әрі заңды тұлғалармен қатар коммерциялық және комерциялық емес ұйым жетекшілері мен қызметкерлері де тізімге кіреді. Осылайша, экономикалық құқық бұзушылық жасап, сот үкімі шыққандар ел алдында масқара болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz