Алматыда медициналық көмектің сапасына байланысты шағымдар өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 16,5 пайызға азайған.
Есесіне дәрі-дәрмекке қатысты құқықбұзушылық артып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Дамир Дәулетбаев мәлімдеді. Тіркелмеген препараттарды сату, шекті бағадан асыру, лицензиясыз қызмет жүргізу мен мерзімі өтіп кеткен дәрілерді өткізу бойынша 89 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 59 әкімшілік іс қозғалып, 16 миллион теңге көлемінде айппұл салынды. Қазір дәрі-дәрмектің айналымына бақылау күшейтілді. Қаладағы стоматологиялық мекемелердің қызметі де бақылауға алынды. Прокуратура органдарының талабы бойынша 92 тіс емдеу орнының жұмысына талдау жасалды.
Дамир Дәулетбаев, Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы:
- Бес мекеме лицензиясыз жұмыс істеген. Стоматолог дәрігерлердің лицензиялары болмаған. Содан кейін алынған медициналық құрал-саймандар, дәрілер тіркелмеген, болмаса мерзімі өтіп кеткен. Соның барлығына айыппұл салынды. 18-і өз еркімен лицензиясын тоқтатты. Біреуі сот арқылы тоқтатты. 26 миллионның көлемінде айыппұл салынды.
Тегтер #лицензия #тіс дәрігері #медициналық көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz