«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскен жұмысшы көз жұмды.
46 жастағы азаматты ажалдан арашалап қалу үшін Астанадан білікті мамандар шақыртылды. Науқасты «Ұлттық Шұғыл Медицинаны үйлестіру орталығына» жеткізу туралы да мәселе көтерілді. Алайда денесінің 90 пайызын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жалпы жарылыстан үш адам мерт болды. Омыртқасы зақымданған бір жұмысшы елордаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, 5 мамыр күні «Қазцинк» зауытындағы шаң ұстау цехында газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға орнында екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін, үшеуі үйіне жіберіліп, екі жұмысшы ауруханаға жатқызылған еді.
Андрей Лазарев, зауыттың басқарушы директоры:
- Қаншама тырыссақ та, әріптесімізді ажалдан аман алып қала алмадық. Отбасы мен туған туысына қайғыра көңіл айтамыз. Компания тарапынан барлық қолдау көрсетіледі. Жұмысшының 10 жылдық жалақысы көлемінде қаржы төленеді. Балаларының жоғары білім алуына да жағдай жасаймыз. Омыртқасы зақымданған екінші жұмысшы Астанада ем ала бастады.Алғашқы операция сәтті өтті.
Тегтер #Қазцинк #зауыт #жарылыс #көз жұмғандар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz